Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде мегаполистің көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымының құрылыс қарқынын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірнеше сағат ішінде қала басшысы Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов, Жандосов және Тимирязев көшелерін аралап шықты.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде мегаполистің көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымының құрылыс қарқынын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірнеше сағат ішінде қала басшысы Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов, Жандосов және Тимирязев көшелерін аралап шықты.
Тимирязев көшесін аралаған Бауыржан Байбек Манас көшесінің бұрышындағы май құю бекеті алдындағы көлік қозғалысының сызбасын жаяу жүргіншілерге басымдық беріп қайта қарауды, тротуарды қауіпсіз аймақпен қоса аббаттандыруды ұсынды. Жақын арада "Атакенттің" кіре беріс аркаларының алаңдарын жасылдандыру жұмыстары басталады. Мегаполис басшысы мердігерлердің назарын Жандосов пен Розыбакиев көшлерінің бойындағы сапасын салынған тротуарларға аударды, дәл сол күні олқылықты жоюды тапсырды.
Көлік реформасы аясында BRT желілерін қайта жасау жұмыстары Мұстафин, Рысқұлбеков, Сүлейменов көшелерінде жүруде. Жандосов және Тимирязев көшелерінің бойында BRT желілерінің қозғалыс бөлігін кеңейту үшін тротуарлар мен веложолдар салу, сонымен қатар инженерлік жүйелерді қайта орналастыру жұмыстары атқарылуда. Мегаполис басшысы көшелерді реконструкциялаудың кешенді жүргізілуі, заңсыз құрылыстардың, қоршаулардың алынуы, нысандардың сыртқы келбетінің бірыңғай архитектуралық стильде болуы, асфальтты алаңдардың азайып, жасылдандырудың артуы тиіс екенін атап өтті.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Қосжанов BRT дәлізінің адамдар тығыз орналасқан аудандарды қамтитынын, оларға қызмет көрсету үшін қоғамдық көлікке басымдық беру қажеттігін айтты. Жоспарланған 9 шақырымның ұзындығы 2,7 шақырым болатын жерінің қайта жасалуы арқасында қоғамдық көліктегі жолаушылар легі 20 пайызға артып, жолға кететін уақыт 30 пайызға қысқарған.
"Қазіргі кезде кіші айналма жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолайрықтар салынуда, көпір нысандары артуда, трамвай жолдары алынып, қозғалыс аумағы кеңеюде. Қаланың барлық аудандарында 157 көше жөнделуде. Яғни біз BRT дәлізінен кететін автомобильдер үшін де жағдай жасаудамыз", - деді Қосжанов.
Бірініші фаза бағытының ұзындығы 8,7 шақырым, ол Мұстафин - Сүлейменов - Жандосов - Тимирязев көшелерін Желтоқсан көшесіне дейін қамтиды.
Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 13,2 шақырым болатын бағыттың екінші фазасының құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ол Желтоқсан - Төле би - Алматы шығыс айналма жолы – Құлжа трактін қамтиды. BRT желілері үшін 18 метрлі автобустар жүргізу жоспарланған.
Кейін BRT желілеріне қызмет көрсету үшін жүйе интеграциясына қатысты сыйымдылығы үлкен автобустар жүргізу жоспарлануда, бұрылыстарда жолаушылар көлігіне басымдық беріледі.
Еске салайық, Алматыда биыл жазда 150-ден аса көше жөнделеді, 30 шақырым тротуарлар жасалады, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен "Астана" алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.