07 желтоқсан 2016 12:38

Байбек Алматыға кіру қашан ақылы болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almacity.kz © almacity.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалаға кірудің қашан ақылы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалаға кірудің қашан ақылы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақылы кіру тек қоғамдық көлікке жағдай жасаған кезімізде мүмкін болады. Адамдардың басқа да мүмкіндіктері болуы керек. Мүмкіндігі болған кезде осы мәселені қолға аламыз. Бұл сондай процесс. Мәселен, Францияның Ренн қаласын алайық, 70-жылдары олар біз бүгін жасап жатқан істі істеген. Қаланың бірінші мэрі отставка кетті, себебі ол көліктерді алып тастап, автотұрақтар қоя бастады, үдеген сынға шыдай алмай, сөйтіп кетіп қалды. Ал бүгінде қаланың орталығы толықтай жаяу жүргіншілерге арналған. Тек автобустар жүреді, ал қалған жағы тек жаяуларға арналған. Яғни мұның барлығына қоғамдық сана дайын болуы керек, сондықтан қазір алматылықтардың санасымен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Бауыржан Байбек.

"Біздің көшелеріміз кең, бірақ барлығы көліктерін қойып тастайды да, біз екі жолақтан айырыламыз. Сондықтан Желтоқсан көшесінің бойымен арнайы көлік жүргіздік, себебі біз қаланың жартысын эвакуациялай алмаймыз. Біз арнайы жолақ қойып, қоғамдық көлікке басымдық береміз, заңды сақтауға мәжбүр етеміз", - деді әкім.

Сонымен қатар, Байбек көшелердегі видеокамералардың санын арттыру қажет екенін айтты.

"Біздің қаламыз қауіпсіз. Бізде жалпы 76 мың видеокамера бар, бірақ бұл жеткіліксіз. Біз жергілікті бюджеттен тағы сегіз миллиард бөджік эәне ақылды жүйе құрып отырмыз. Полиция органдарындағы штаттарды көбейтудеміз. Субъектив факторларды алып тастаймыз. Өткен жылы материалдық-техникалық қамтуды екі есе арттырдық. Яғни басқарудың заманауи әдістерін қолданып жатырмыз, технологияларды қолданып жатырмыз, мұның барлығы қалалықтардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалып отыр", - деді Бауыржан Байбек Алматы қаласының инвестициялық климатын жақсарту және инвесторларды тарту бойынша Кеңестің отырысында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети