19 тамыз 2014 18:46

Байбек мектептер мен ауруханаларды парақорлардан тазартпақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен СҚО әкімі Ерік Сұлтанов. ©"Нұр Отан" "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен СҚО әкімі Ерік Сұлтанов. ©"Нұр Отан"

Мектептер мен ауруханаларды парақорлардан тазарту қажет. "Сол кезде ғана мұғалімдер мен дәрігерлердің бұрынғы беделін қайта көтере аламыз" деп есептейді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Tengrinews.kz бұл туралы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Дәрігерлер мен мұғалімдердің басым көпшілігі - ең бір қиын кезеңдерде осы салалардан қол үзбей, жұмыс істеуді жалғастыра берген жандар. Олар - еліміздің нағыз патриоттары. Біз олардың бір кездегі беделін қайта көтеруіміз қажет. Ол үшін пара алушылардан арамызды тазартуымыз керек", - деп мәлімдеді Байбек Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында.

Петропавлда үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездескен кезде "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мұғалімдер мен дәрігерлерге қолайлы жағдайларды жүйелі түрде жасау (лайықты еңбекақы, жақсы еңбек жағдайлары) қажеттігін, "ұстаздардың есеп берумен емес, тәлім берумен шұғылдануына мүмкіндік беру" керектігін айтты.

"Бюрократия, қағазбастылық, әуре-сарсаң бар жерде жемқорлық әрекеттерге жағдай туады", - деді ол.

Байбектің айтуынша, "Нұр Отан" партиясы мүшелерінің жалпы санының 20 %-ы білім беру, 11 %-ы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінен тұрады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети