1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Байбек, Назарбаева және Есімов. Nur Otan партиялық тізіміне кімдер енді? 25 қараша 2020, 13:13

Nur Otan алдағы Мәжіліс сайлауында депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Nur Otan алдағы Мәжіліс сайлауында депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кандидаттардың жалпы тізімінде Мәжілісте жұмыс істеп жүрген депутаттардың саны 20 пайыздан аспайды, Мемлекеттік басқару - 13 пайыз, білім беру және денсаулық сақтау - 12 пайыз, үкіметтік емес ұйымдар - 9 пайыз, өнеркәсіп өкілдері - 8 пайыз.

Тізімнің үштен бір бөлігі әйелдерден тұрады. Кандидаттардың орташа жасы алдыңғы партиялық тізіммен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.

Тізімде барлығы 126 үміткер бар. Олардың ішінде: Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Президенттің көмекшісі - Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова, вице-премьер Ералы Тоғжанов, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және басқалары бар.

Кандидаттардың толық тізімімен партия сайтында танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!