18 маусым 2018 15:40

Байбек түлектерге: Қазақстанның патриоты болыңдар!

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы "Жас түлек-2018" мектеп фестивалі барысында түлектерді орта мектепті бітіргендері туралы аттестатты және "Алтын белгіні" алуларымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы "Жас түлек-2018" мектеп фестивалі барысында түлектерді орта мектепті бітіргендері туралы аттестатты және "Алтын белгіні" алуларымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл мегаполисте орта мектепті 9030 түлек бітірді, олардың 518 оқушысы "Алтын белгіні" иеленді.

"Бұл күн сендер үшін ерекше есте қалатын сәт және үлкен өмірге деген оң қадам! Естеріңде болсын, егер білімге деген құштарлық, алға деген ұмтылыс жігерлеріңді жаныса, ізгі мақсаттарға жетесіңдер. Бүкіл ғұмырларыңның алтын қазығына айналатын мамандықты таңдауларыңа тілектеспін. Қазақстанның патриоты болыңдар! Қолжеткенге тоқмейілсімеңдер. Елбасы айтқандай, "Сендердің жеке жетістіктерің ата-аналарыңның, туғандарың мен жақындарыңның, отандастарыңның, Отанымыздың жетістігі", - деді Бауыржан Байбек түлектерге арнаған сөзінде.

Мегаполис басшысы биылғы жылы қаланың барлық мектептерінің физика, химия, биология кабинеттерімен және лингафонды-мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілгеін атап өтті. Мектептер кең жолақты интернетке 100 пайыз қосылған. Қазіргі кезде қаланың барлық мектептерінің оқу кабинеттері мультимедиялық үштікті алуда. "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін алдағы оқу жылында қаланың 80 мектебінде арнайы IT лицейлер мен IT сыныптар ашу жоспарланған.

Алматы оқушылары 13 жыл қатарынан республикалық олимпиадада командалық бірінші орыннан көрінуде. Республикалық ғылыми сайыстарда 16 рет жеңімпаз атанса,математика, физика, химия мен биологиядан 11-сынып оқушылары арасында өткен Президент олимпиадасында бесінші рет жеңіс тұғырына көтерілді. 2018 жылғы жаратылыстану - математикалық бағытта алғаш рет өткен республикалық жасөспірімдер олимпиадасында қала командасы бірінші орынды иеленді.

Мегаполистің өзіндік "қоржынына" халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан тек биылдың өзінде ғана 45 алтын, 68 күміс және 93 қола медальдар түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети