Байқоңырда жаңа “Союз-5/Сұңқар“ зымыраны ұшырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байқоңырда жаңа “Союз-5/Сұңқар“ зымыраны ұшырылды "Роскосмос"

Байқоңыр ғарыш айлағынан 30 сәуірде ұшу-конструкторлық сынақтар аясында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен жаңа буынның "Союз-5/Сұңқар" зымыран-тасығышы ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Байқоңыр ғарыш айлағынан 30 сәуірде ұшу-конструкторлық сынақтар аясында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен жаңа буынның "Союз-5/Сұңқар" зымыран-тасығышы ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зымыранның бірінші және екінші сатылары штаттық режимде жұмыс істеді, ал габарит-массалық макет есептелген траекторияға сәтті шығарылды.

"Бұл бастама Қазақстанның әлемдік ғарыштық қызмет көрсету нарығындағы үлесін арттыру үшін күрделі инженерлік нысанның толық пайдалануға дайын екенін растады. "Бәйтерек" жобасы - еліміздің жеке заманауи ұшыру инфрақұрылымын пайдалануға көшуіне мүмкіндік беретін стратегиялық жетістік", - делінген хабарламада.

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Бұл - әлемдегі ең қуатты сұйық зымыран қозғалтқышымен жабдықталған жаңа "Союз-5" зымыранының алғашқы ұшуы. "Союз-5" "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы № 45 ұшыру алаңынан жіберілді. Бұған дейін бұл алаң "Зенит" зымыран-тасығыштар тобын ұшыруға арналған болатын.

"Союз-5/Сұңқар" – Ресейде жасалған орта класты екі сатылы зымыран-тасығыш. Зымыран-тасығыш жүктерді жеткізуге және автомат аппараттарды күн-синхронды, жоғары эллипстік, геоөткелді және геостационарлық орбиталарға шығаруға арналған. Ол жер маңындағы орбиталарға 17 тоннаға дейін, ал геостационарлық орбиталарға 2,5 тоннаға дейін жүк шығара алады.

Бастапқыда зымыран-тасығышты ұшыру 2025 жылдың аяғына жоспарланған болатын. Кейін он 2026 жылғы наурызға, содан соң сәуірге ауыстырылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +21
Ақтау +23
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +19
Петропавл +18
С
Семей +20
Т
Талдықорған +20
Тараз +22
Түркістан +18
О
Орал +18
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер