19 маусым 2020 09:38

Байқоңырда коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Байқоңыр қаласында коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.


Байқоңыр қаласында коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

"Ресейлік "Байқоңыр" ФМБА кешені аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, 2020 жылғы 18 маусым сағат 16:00-дегі жағдай: Байқоңыр қаласында вирус жұқтырғандар саны - 56; ауруханадан шыққандар саны - 10; амбулаториялық емдеуге жіберілгендер саны - 7; қайтыс болғандар саны - 1", - делінген COVID-19 таралуы туралы анықтамада.

Қайтыс болған адамның ғарыш айлағында жұмыс істеген-істемегені туралы мәлімет жоқ. 

18 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети