12 ақпан 2016 09:46

"Байқоңырда" зымыранның ұшырылу сәтін енді кез келген адам тамашалай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

"Байқоңыр" кешенінен басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылу сәтін кез келген адам тамашалай алады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Ол үшін саяхатшы екі жүз мың теңге қаражат төлеуі керек екен.


"Байқоңыр" кешенінен басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылу сәтін кез келген адам тамашалай алады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Ол үшін саяхатшы екі жүз мың теңге қаражат төлеуі керек екен.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Байқоңырдағы ғарыш туризмін дамытуға рұқсат берген болатын. Туристік пакетте барлық жағдай қамтылған: Қызылордадан Байқоңырға дейінгі жол, жабық қалаға кіру, мейманханаларға орналасу мен үш мезгіл тамақ. Сонымен қатар, жолда Қорқыт-Ата кесенесіне зиярат етуге де болады. Оның құны туристердің санына байланысты. Бес адамға дейінгі саяхатшылар екі жүз мың теңге төлейді. Топтағы туристер саны одан көп болса, жолдама құны шамамен жүз мың теңге шамасында болады.

Туристік компанияның менеджері Дана Рафимованың айтуынша, тур бағдарламасына ұшу алдындағы бірнеше іс-шара кіреді. "Бағдарламаға Халықаралық конференция, Королев және Гагарин мемориалдық үйлерін аралау, қала ішіне автобуспен саяхат жасау және зымыранның ұшуын көру кіреді. Ұшу кестесін біз Роскосмостан алып отырамыз және оны өзіміздің веб-сайтымызда орналастырып тұрамыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети