20 наурыз 2014 13:25

Байсейітова театрының ғимараты қалалық әкімшілік балансына өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Kaz.gazeta.kz Фото Kaz.gazeta.kz

Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы бұрынғы опера және балет театрының ғимараты алдағы уақытта әкімшілік балансына өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұловқа сілтеме жасап. Қазіргі уақытта опера және балет театрының ғимаратын әкімшілік балансына алу үшін құжаттар дайындалып жатыр. "Театр ғимараты Астана қаладасындағы тарихы архитектуралық ескерткіш болып саналады. Алдағы уақытта да мәдениет мекемелерінің біріне тиесілі болып қала береді. Сондай-ақ, театр статусынан айрылмайды", - деді Болат Мажағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бринфингте. Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, театрға қатысты мәселе көп көрінеді. "Қазір оның бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыруға қатысты жұмыстар атқарылуда. Театр жабылғанда 235 адам жұмыссыз қалған болатын. Солай бола тұра біз 73 адамды жұмысқа орналастырдық. 35 адам басқа жерде жұмыс істеп жатыр. Ендігі кезекте 33 адамды жұмыспен қамту бойынша жұмыстары атқарылып жатыр", - деді Б.Мажағұлов. Бүгінде Астанада қаласында 7 театр бар. Енді әкімшілік құжат жұмыстарын аяқтаған соң бұрынғы опера және балет театры мәдени нысан ретінде ашылғанымен, Күләш Бәйсейітова есімін иеленбейді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети