1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Bek Air айыпталмайды". Ұшақ апатына қатысты жаңа деректер шықты 21 маусым 2021, 16:00

Қазақстандық авиациялық әкімшіліктің бас директоры Питер Гриффитс 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстандық авиациялық әкімшіліктің бас директоры Питер Гриффитс 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеуге түсінік берді. Оның мәліметі бойынша, әуеакомпанияны жауапкершілікке тарту жоспарланбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гриффиттің айтуынша, жоспар бойынша тергеу 31 мамырда аяқталуы керек болған.

"Бұл мерзімді жиналыста Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қойды", - деді ол.

Алайда, бүгінде тергеу нәтижелері әлі жоқ.

"Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеуді әлі аяқтаған жоқ. Ол басқа бағытқа құрылған - не Алматы әуежайын жауапкершілікке тартқысы келеді, не Bek Air әуе кемесінің алдында әуеге көтерліген Airbus А321LR әуе кемесінен қалған ауа ағынынан туындаған мәселе. Нәтижесінде ұшақ апаты үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алмайды", - деді Гриффитс.

Ол Bek Air әуекомпаниясы жауапкершілікке тартылмайтынын растады.

Сондай-ақ, Гриффитс Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі әуекомпанияның сертификатын ұзартуға неге жол бергенін айтып берді.

"Еуроодақтың алаңдаушылығына қатысты. Олар Bek Air туралы білетін, мен де Bek Air туралы Қазақстанға келгенге дейін білгенмін. Әуекомпания іс жүзінде Нидерландыдан басқарылады. Барлық әуе кемелері Нидерланды ұйымына тиесілі. Бұл компания Қазақстанда 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл бәріне белгілі болатын.

Мәселе мынада, бұл ұйымға шара қолдану үшін жеткілікті материалдар мен растайтын құжаттарды жинау қажет болды. 2019 жылы бізде жеткілікті дәлелдер болған жоқ. Сертификатты ұзартуға өтініш берілген кезде ұйымда тек 40 адам жұмыс істеді, олардың 23-і Азаматтық авиация комитетінен (ААК) берілді", - деп түсіндірді Гриффитс.

Авиация әкімшілігі 2019 жылдың тамызында құрылған.

"2019 жылы инспекция ААК-да болған ескі ережелер бойынша жүргізілді. Тиісінше, ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Инспекция төмен деңгейде өтті, бірақ заңнамаға сәйкес олардың сертификатын жаңартпауға негіз болған жоқ.

Апаттан кейін олардың сертификатын қайтарып алдық, өйткені заңбұзушылықтар айқын болды. Егер біз тиісті шараларды уақытында қабылдасақ, бұл болмайтын еді. Адамдар өлмеуі керек еді", - деді Питер Гриффитс.

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі ұшақ апатын тергеуге қатыспайды. Бірақ Питер Гриффитс Ұлыбританияда авиациялық апаттарды зерттеу курсынан сабақ берген.

"Әуе апаттарын тергеу кезінде ереже бар: апатқа қатысқан елдерге хабар берілуі қажет. Мысалы, бортта отырған басқа ел азаматтары болса, егер әуе кемесі басқа елге, сондай-ақ әуе кемесін өндіруші елге тиесілі болса.

Қазақстандық ұйымдардан басқа, оқиға туралы Ұлыбритания, Германия, Нидерланды сияқты төрт елдің ұйымдары, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық агенттікке хабарланды. Сол кезде олар тергеуге қатысу үшін Қазақстанға жіберілетін инспекторларды анықтады. Бір күннен кейін оларды өз елдеріне қайтарды. Оларға қатысу қажет емес деп айтылды. Бұл шешімді Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы қабылдады", - деді Питер Гриффитс.

ТМД-дан Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) мамандары ұшу деректеріне алғашқы талдау жүргізді және былтыр маусымда өз талдауларын ұсынды.

Гриффитс халықаралық ережелерге сәйкес мүдделер қақтығысын болдырмау үшін тәуелсіз ұйым авиациялық оқиғаларды тексеруі керек деді.

Бұған дейін сенатор Талғат Мұсабаев азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеруді Төтенше жағдайлар министрлігіне немесе тәуелсіз халықаралық өңірлік тергеу органдарына беруді талап еткен болатын.

Маусымның басында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пандемияға байланысты ұшақтың апатқа ұшырауына қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты.

Айта кетейік, ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған. Bek Air әуе компаниясының кемесі Алматы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болды, 12 адам қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!