Bek Air ұшағы апаты: Алматыда екінші ұшқышты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air әуе кемесінің екінші ұшқышын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Мейіржан Молдақұловты ақтық сапарға шығарып салуға достары, әріптестері және туыстары қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air әуе кемесінің екінші ұшқышын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Мейіржан Молдақұловты ақтық сапарға шығарып салуға достары, әріптестері және туыстары қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мейіржан Молдақұлов 30 жыл бойы Алматы әуежайының маңындағы кішігірм пәтерде әйелі мен екі баласымен бірге тұрып келген. 

Алексей Ибрагимов қайтыс болған азаматпен Қостанай облысында Арқалық қаласында жұмыс істегенін айтады. 

"Ол қабілетті, қайратты еді. Оптимист, жақсы адам еді. Бастапқыда Ан-2 ұшағымен ұшты, ортаның гүлі еді. Ол менен он жасқа кіші болатын, осындай жағдай болғаны өкінішті. Апаттан кейін онымен сөйлесіп үлгермедім, келгенім осы еді, ол қайтыс болды. Өмір өзі ең мықтыларды алатын кезі болады. Біз мәңгіге оны есте сақтаймыз. Ұшқыштың бұрынғысы болмайды", - дейді Алексей Ибрагимов. 

Молдақұловтың тағы бір әріптесі, ұшқыш Тілекберген Ахметбаев досының ауруханадан шыққаннан кейін халін сұрап үйіне келмек болғанын, алайда оған рұқсат бермегенін еске алды. 

"Сөйлесіп, халін сұрасақ деп едік, бірақ бізді кіргізбеді, оны күзетіп отырды. Онымен бірге Арқалықта жұмыс істедік, дос болдық. Өзі Ақтөбе облысының тумасы, Красногорскідегі училищесін тәмамдады, Арқалықта Ан-2-мен ұшты. 1996 жылы Алматыға көшті. Bek Air әуекомпаниясында соңғы 15 жыл бойы екінші ұшқыш болып жұмыс істеді. Алтын адамнан, батырдан айырылып қалдық", - дейді Тілекберген Ахметбаев.

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы 28 қаңтарда қайтыс болды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ер адам екі сағат бұрын үйінде қайтыс болған. Ауруханадан таяуда шығарылған. Алайда мән-жайы айтылмай отыр. Әуе апатынан зардап шегіп, Алматыдағы өз үйінде қайтыс болған Мейіржан Молдақұлов туралы Bek Air әуекомпаниясының бортсерігі айтып берді.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының өліміне қатысты пікір білдірді. 

Ал 5 қаңтарда екінші пилоттың ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны хабарланған.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде үйге соғылған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан жалпы 13 адам қаза тапты. Оның ішінде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза тапқан. Ал екінші пилоттың аты-жөні Мейіржан Молдақұлов. Ол 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.07  course up  617.81  course up  6.81  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer