03 қыркүйек 2020 17:35

Бекшин белгісіз пневмонияның пайда болу себебіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда белгісіз пневмонияның себебін анықтау үшін корей технологиясы пайдаланылады. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда белгісіз пневмонияның себебін анықтау үшін корей технологиясы пайдаланылады. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол "белгісіз пневмонияға қатысты мәселе бақылауға алынатынын" атап өтті. Себебі, бұл аурудан адам өлімі жиі тіркеледі екен. Бас санитар дәрігер бұл дерттің себебін анықтау үшін заманауи технологиялар қолданылатынын жеткізді.

"Біз Корей әріптестеріміздің технологиялық мүмкіндігін пайдаланып жатырмыз. Бір панельде COVID-19, жедел респираторлық вирустың 7 түрін, тұмауды әрі пневмонияны тудыруы мүмкін түрлі бактерияларды орнатуға болады. Өткен аптада біз осындай 38 зерттеу жұмысын жүргіздік. 15 жағдайда пневмонияны бактериялар тудыратынын анықталды. Қалған жағдай адамның өзін-өзі емдеумен байланысты болды. Адамдар дәрі-дәрмектерді қабылдаған. Кейін пневмонияның себебін анықтау тіпті заманауи әдістер арқылы өте қиын болды", - деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазақстанда коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны күрт өсті

Ол қала тұрғындарына үйде емделуге болмайтынын ескертті.

"Ауруханадағы төсектер бос, дәрігерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Медициналық қызметтерді пайдаланып, сапалы медициналық көмек алу қажет", - деді маман.

Осыған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері коронавирус жұқтыру 2 есе азайғанын айтқан еді.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 14 238-ге жетті. 13 588 науқас айықты, 265 адам көз жұмды. Елімізде 106 032 адам COVID-19 жұқтырды. 97 967 науқас дертінен айықты, 1 588 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясының 26 322 дерегі тіркелді. 301 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети