Бектенов бензин бағасына қатысты жаңа тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бектенов бензин бағасына қатысты жаңа тапсырма берді Фото:depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектенов тарифтер мен бензин бағасының жалпы инфляция деңгейіне айтарлықтай әсер етуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Олжас Бектенов тарифтер мен бензин бағасының жалпы инфляция деңгейіне айтарлықтай әсер етуіне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол тарифтер мен бензин бағасына салынған мораторий мерзімінің аяқталуына байланысты Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне тиісті тапсырма берді.

"Тариф саясаты болжамды әрі инфляция бойынша мақсаттармен үйлесімді болуы тиіс", - деді Бектенов.

Оның айтуынша, мораторий аяқталғаннан кейін бейінді мемлекеттік органдар тарифтер мен бензин бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне айтарлықтай үлес қоспауы үшін шаралар қабылдауы қажет.

Премьер-министр тауарлар нарығындағы жағдайға жеке тоқталды. Ол азық-түлік, отын, көлік және коммуналдық қызметтер салаларында жүйелі демонополизациялау мен монополияға қарсы бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

"Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері тарифтер мен бензин бағасына мораторийдің аяқталуына байланысты олардың жалпы инфляция деңгейіне айтарлықтай әсер етуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауы қажет", - деді үкімет басшысы.

Осыған байланысты Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, нарықтарды демонополизациялау және бақылауды күшейту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Мораторий

2025 жылғы қазанда Қазақстанда жанар-жағармай өнімдері бағасының өсуіне уақытша мораторий енгізілді.

Энергетика министрлігі мәліметінше, мораторийдің басты принципі АИ-92 бензині мен дизель отынының бөлшек саудадағы бағасын 2025 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша әрбір жанар-жағармай құю бекеттері желісінде қалыптасқан деңгейде бекіту болды. Бұл ретте ел бойынша бірыңғай шекті баға белгіленген жоқ.

Нәтижесінде ірі жанар-жағармай құю бекеттері желілерінде келесідей баға дәлізі қалыптасты:

  • АИ-92 - литріне 213-тен 239 теңгеге дейін;
  • дизель - литріне 317-ден 337 теңгеге дейін.

Ведомство мораторий енгізу туралы шешім Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп қабылданғанын хабарлады. Нарық қатысушыларына үкіметтің бағаны одан әрі көтеруге жол берілмейтіні туралы ұстанымы жеткізілді. Мораторийдің сақталуын бақылау Энергетика министрлігіне, әкімдіктер жанындағы өңірлік штабтарға және нарық қатысушыларына жүктелді.

Сарапшылар АИ-92 бензині қазақстандықтардың басым бөлігі үшін отынның негізгі түрі болып қала беретінін айтады, себебі елдегі автопарктің едәуір бөлігі дәл осы маркамен жүретін көліктерден тұрады. Сондықтан оның құнындағы кез келген өзгеріс халықтың өмір сүру деңгейі мен инфляцияға тікелей әсер етеді.

Тағы оқыңыз: Мораторий аяқталды - АИ-92 бензинінің бағасы не болмақ?

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.97   556.56   6.24 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети