12 қаңтар 2017 15:51

Белгілі тележүргізушінің анасын құдаймен қорқытқан молда қызметінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Men's Health © Men's Health

Атырау облысында құран оқып бергені үшін ақша бопсалаған имам қызметінен айырылды. Бұл мәліметті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері растады.


Атырау облысында құран оқып бергені үшін ақша бопсалаған имам қызметінен айырылды. Бұл мәліметті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері растады.

Айта кетейік, осыған дейін белгілі тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев анасын Атырау облысындағы ауылдағы имам құдаймен қорқытты деп мәлімдеген болатын. Ол Ганюшкин селосындағы "Темірəлі" мешітінің діни қызметкері анасын құдаймен қорқытып, дөрекі хабарламалар жазғанын айтқан. Нағашы əжеміздің жылдық асын өткізген анам қаумалаған тума-туыстардың бабын табам деп жүріп, Құран оқуға келген имамды естен шығарып алса керек! Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосындағы мешіттің имамы жазыпты! ", - деп жазған Мейрамбек Таубалдиев SMS-хабарламаның скриншотын жариялаған еді.

Ал енді Құрманғазы ауданында тұратын Сәрсенбай Кенжебаевтың бұл ісі имам әдебіне жатпайтыны айтылып отыр. "Жуырда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылының молдасы Сәрсенбай Кенжебаев тарапынан дін қызметкеріне лайықты емес әрекет орын алды. Бұл туралы әлеуметтік желілер мен кейбір сайттарда жазылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы оқиғаға байланысты дереу тексеру жұмыстарын жүргізді", - делінген ҚМБД хабарында.

Текстеріс кезінде әйел адамнан ақша бопсалап, дөрекі хаттар жолдаған молда Сәрсенбай Кенжебаев болып шыққаны анықталыпты. Ол 2012 жылы 30 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылына уақытша молда қызметіне тағайындалған екен.

"Сәрсенбай Кенжебаев "Дін қызметкерінің этикасы" құжатында көрсетілген талаптарды сақтамағаны, өзіне жүктелген діни қызметті дұрыс орындамағаны үшін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының 2017 жылдың 10 қаңтардағы бұйрығы негізінде қызметінен босатылды", - делінген ҚМДБ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети