Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға 2,6 триллион теңге беріледі - Назарбаев

28 Сәуір 2018, 16:24
0
Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға 2,6 триллион теңге беріледі - Назарбаев - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға 2 триллион 600 миллиард теңгеден аса ақша бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жайдан-жай ештеңе ұсынбаймыз. Мән әлі нақты ұсыныс жасаған жоқпын. Дәлірек айтатын болсам, мұның барлығы мемлекетке арзанға түспейді. Сондықтан бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін 2 триллион 600 миллиард теңгеден аса ақша бөлу жоспарланып отыр", - деді Президент.

"Бұл үлкен қаражат. Ол біздің азаматтарымыздың болашағына арналған инвестициялар. Біздің халық мұны лайықты бағалайды деп сенемін. Және біз әрі қарай да осы саясатты ұстанатын боламыз", - деді Мемлекет басшысы 

Еске сала кетейік, биыл наурыз айының басында Нұрсұлтан Назарбаев "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеу жариялаған болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай