“Бес минут жеткілікті“: министр өз көлігімен эксперимент жасап көреді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев авто көлікті бес минуттан артық қыздыруға салынған айыппұл туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев авто көлікті бес минуттан артық қыздыруға салынған айыппұл туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында ол экология тұрғысынан бұл ережелерді қолдайтынын айтты.

"Солтүстік аймақтарға қатысты айтқанда, көлікті ұзақ уақыт қыздыратындар үшін бес минут жеткілікті екенін білеміз, көлік қызғаннан кейін қозғалысқа түсуге болады. Бұл кез келген солтүстік аймаққа қатысты. Сондықтан, отын үнемдеу тұрғысынан көп адамдар бұл мәселені қолдайды. Экология тұрғысынан да біз мұндай тәсілді толықтай қолдаймыз", - деді Ерлан Нысанбаев.

Журналист оның бес минут туралы айтқан сөзімен көптеген астаналықтар келіспейтінін айтты.

"Мен бүгін міндетті түрде көлігімді түнде далада қалдырамын — таңертең көріп, өз тәжірибемді жасап, нәтижесін сіздерге айтамын", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer