28 қазан 2014 19:15

Бес облыста боранға байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанның бес облысында боранға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. 


Қазақстанның бес облысында боранға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. 

"29 қазан күні Қостанай, Сотүстік Қазақстан облыстарында, 29-30 қазан күндері Ақмола, Павлодар облыстарында, 30 қазан күні түнде Қарағанды облысында ауа райы өзгереді. көктайғақ болып, боран соғады, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін күшті жел соғады, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде секундына 30 метрге жететін жел соғады", - делінген таратылған ескертуде. 

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада 29 қазан күні оңтүстік-батыстан күшті жел соғады, оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз жаяу бұрқасын болады. Қазақстанның оңтүстігінде, Жамбыл облысынан басқа аймақтарда жауын-шашын болмайды. Күн ала бұлтты болып, тұман түседі.

Еске сала кетейік, 27 қазан күні Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында төтенше ескерту жарияланған еді. Бұл облыстарда толассыз жауын-шашын, көктайғақ пен күшті жел болатыны айтылды. Сонымен бірге, синоптиктер қараша айының басында Қазақстанда күн жылынатынын хабарлады. Олардың мәліметінше, суық антициклон шығысқа қарай ауысады, ал солтүстіктен соққан жел біртіндеп, оңтүстік-батысқа ауысады, елдің оңтүстік бөлігінде қар еріп кетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети