Бес полицейге азаптау бойынша айып тағылды: алқабилер күтпеген үкім шығарды

Мейірман Лес
Мейірман Лес Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес полицейге азаптау бойынша айып тағылды: алқабилер күтпеген үкім шығарды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда ұсталған адамға азаптады деп айыпталған бес полиция қызметкеріне қатысты шулы қылмыстық іс аяқталды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар физикалық және психологиялық қысым көрсету арқылы жауап алуға тырысқан, алайда алқабилер ұсынылған дәлелдердің жеткіліксіз екенін алға тартып, істің барлық фигурантын ақтап шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қарағандыда ұсталған адамға азаптады деп айыпталған бес полиция қызметкеріне қатысты шулы қылмыстық іс аяқталды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар физикалық және психологиялық қысым көрсету арқылы жауап алуға тырысқан, алайда алқабилер ұсынылған дәлелдердің жеткіліксіз екенін алға тартып, істің барлық фигурантын ақтап шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сот кабинетіндегі" іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың мамыр айында полицейлер Қарағанды тұрғынын ұстаған. Ол сыбайласымен бірге жергілікті тұрғынның жеке аумағына басып кіріп, онымен жанжалдасқан.

Үй иесінің айтуынша, шақырылмаған қонақтар алдын ала дайындалып келген: олардың бетперделері (балаклава) және өздерімен бірге биталары болған көрінеді. Ер адам қарсылық көрсетіп, көмекке шақырған. Айғайды естіп жеткен көршілер шабуылдаушылардың бірін ұстап алған. Оқиғаның екінші қатысушысы қашып үлгерген.

Үй иесі бұл кейінгі жарты жылдағы осыған ұқсас екінші шабуыл екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, бұған дейін де оған бетперде киген белгісіз екі адам тап берген көрінеді.

Күдікті ұсталғаннан кейін Қарағанды қаласының Киров полиция бөліміне жеткізілген. Айыптау нұсқасы бойынша, сол жерде болған жағдай азаптау туралы жеке қылмыстық істің қозғалуына негіз болған.

Мемлекеттік айыптаушылар полиция қызметкерлері ұсталған адамнан қашып кеткен сыбайласы мен оқиғаның мән-жайы туралы ақпарат алуға тырысқанын алға тартты. Тергеу нұсқасына сәйкес, осы мақсатта оны камерасы жоқ кабинетте соққыға жығып, психологиялық қысым көрсеткен.

Бұл ретте сот процесі барысында қорғаушы тарап ер адамның дене жарақаттары оны полиция бөліміне жеткізгенге дейін тіркелгеніне бірнеше рет сот назарын аударды. Сонымен қатар қорғаушылар полиция қызметкерлерінің кінәсін дәлелдейтін тікелей айғақтардың жоқтығын айтты.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, негізгі қылмыстық істі тергеу кезеңінде ер адам мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған, алайда қолданыстағы шектеулерге байланысты өте алмаған. Азаптау туралы арызды ол өзіне қатысты тергеу белсенді кезеңге өткен кезде ғана берген.

Полицейлерге қатысты қылмыстық іс Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Айыпталушылар кінәсін мойындамай, істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұраған. Нәтижесінде бұл процеске алқабилер нүкте қойды.

Үкімге сәйкес, сотталушылардың қылмыс жасауға қатысы бар екені дәлелденбеген. Сот бес полицейді де азаптау бабы бойынша ақтап шықты. Бұдан бөлек, олардың оңалтылуға және қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуы салдарынан келтірілген зиянды өтетуге құқығы бар деп танылды. Оларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылды.

Жәбірленушінің азаматтық талап арызы да қанағаттандырусыз қалды. Ол сотталушылардан 75 миллион теңге моральдық зиян және 1 миллион теңге материалдық шығын өндіруді талап еткен болатын. Алайда сот айыпталушылардың қылмысқа қатысы дәлелденбегендіктен, талаптарды қанағаттандыруға негіз жоқ екенін көрсетті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Атбасардағы азаптау ісі: түзеу мекемесінің 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімі жойылды

Бұған дейін Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атбасар ауданының ҚАЖК 12 қызметкеріне қатысты ақтау үкімін жойған болатын. 2026 жылғы 17 наурызда істі апелляциялық тәртіппен қайта қарау кезінде облыстық сот алқасы бірқатар процессуалдық бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, алқабилер құрамында бұрын сотталған адамның болғаны анықталды. Алқабилердің қатысуымен өткен отырыста соттың бірнеше рет ескерту жасағанына қарамастан, қорғаушы тарап жәбірленушілердің беделіне нұқсан келтіретін пікірлер айтқан, бұл дәлелдемелерді бағалауға және алқабилердің пікіріне кері әсерін тигізген. Осыған байланысты ҚАЖК қызметкерлеріне қатысты ақтау үкімі жойылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.31   573.14   6.79 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +31
Ақтау +20
Ақтөбе +19
Атырау +23
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +29
П
Павлодар +28
Петропавл +32
С
Семей +31
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +21
О
Орал +30
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер