09 наурыз 2022 13:59

БҒМ мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім министрлігі мектептегі каникулдың ұзақтығы өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім министрлігі мектептегі каникулдың ұзақтығы өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін бизнесмен және Bi Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы Айдын Рахымбаев Қазақстанда мектептегі каникулдың ұзақтығын төрт аптаға қысқартуды және сол арқылы оқу жылының ұзақтығын 38 аптаға дейін ұлғайтуды ұсынған болатын. Оның айтуынша, оқу жылының ұзақтығы Азияның алдыңғы қатарлы елдеріне қарағанда қысқа, бұл білім берудің тиімділігіне әсер етеді. Сондай-ақ кәсіпкер компанияның тұрғын үй кешені жанынан ашылып жатқан BINOM орта мектептерінде биыл Білім министрлігінің рұқсатымен оқу жылының ұзартылатынын да атап өткен болатын.

Білім министрлігі Tengrinews.kz сайтының сауалына берген жауабында елімізде оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталатынын және бұл өзгеріссіз қалатынын хабарлады.

"Бұған дейін 2021 жылғы тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша министрлік Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясына білім алушылардың жүктемесін азайтуға, оқу жылының оңтайлы ұзақтығын анықтауға, білім беру ұйымдарында еңбекке ақы төлеудің сағаттық жалақы жүйесінің артықшылықтарына және үлгілік оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысты бірқатар зерттеулер жүргізуді тапсырды", - деп хабарлады БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова.

Вице-министрдің айтуынша, мұндай шешім қабылдау және каникулдарды қысқарту, оқу жылын ұзарту бойынша пилоттық жобаны жүргізу үшін биылғы оқу жылын аяқтау қажет. Меншік нысанына қарамастан, барлық білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты сақтауға міндетті.

Сондай-ақ, министрлік жаңа жобаларды енгізу кезінде дәлелдемелер мен алдын ала талқылау арқылы расталған ғылыми көзқарас маңызды деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети