24 желтоқсан 2020 17:42

"Билеп берейін бе?" Желіде полицей мен тұрғынның қызу әңгімесі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының тұрғыны мен учаскелік полицейдің әңгімесі түскен видео пайда болды. Облыстық полиция департамент өкілдері бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Алматы облысының тұрғыны мен учаскелік полицейдің әңгімесі түскен видео пайда болды. Облыстық полиция департамент өкілдері бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram-да жарияланды. Tengrinews.kz редакциясы кадрларда әдепсіз сөздер көп болғандықтан видеоны жүктемейді.

Кадрларда видео полиция ғимаратында түсірілгенін көруге болады. Учаскелік инспектор тұрғыннан өзін таныстыруды және толық атын айтуды сұрайды. Алайда ер адам қарсылық танытып, полиция қызметкеріне тіл тигізе бастайды.

"Жүйкем сондай. Дөрекілік емес, бұл менің сөз қорым. Саған өзімді таныстыру керек пе? Мүмкін саған билеп, сырнайда ойнап беруім керек шығар?", - деп ашуланады ер адам видеода.

Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері оқиғаның 21 желтоқсанда Талдықорғанда болғанын хабарлады.

"Учаскелік полиция пунктіне мас күйде жерде жатқан бұрын сотталған 50 жастағы ер адам жеткізілді. Ол агрессивті болды, билік өкілінің заңды талаптарына бағынбады, оны қорлады және балағат сөздер айтты.

Ұсталған ер адамның әрекеті ҚК-нің 378-бабы 1-бөлігі ("Билік өкілін қорлау") бойынша қаралды, - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети