15 сәуір 2024 17:38

Бишімбаев ісі Қазақстанның имиджіне әсер етті ме? СІМ жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаевтың атышулы ісі Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджіне әсер етті ме? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қуандық Бишімбаевтың атышулы ісі Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджіне әсер етті ме? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте журналистер Смадияровтан Бишімбаевқа қатысты сот процесі аясында Еуропа мен Америкадағы бірқатар шерулерге қатысты пікір беруді сұрады.

"Оны елімізде болып жатқан процестерді жақын қабылдаған қарапайым азаматтар ұйымдастырған болар. Бүгін Мемлекет басшысы заңға қол қойды (тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы - еск.). Қазақстанның имиджіне ешқандай нұқсан жоқ деп ойлаймын. Расында, көптеген аймақтық серіктестермен салыстырғанда біз әлдеқайда алдамыз. Бұл – халқымыздың шетелдегі азаматтық ұстанымының қалыпты көрінісі. Жастардың бұған өте белсенді қатысып, өз ұстанымдарын көрсетіп жатқаны қуанарлық жайт", - деп жауап берді СІМ ресми өкілі.

Бұл процестің өзі Қазақстанның имиджіне әсер етті ме деген сұраққа Смадияров: "Мүлде әсер еткен жоқ" деп теріске шығаратын жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети