17 тамыз 2022 09:57

"Битум жоқ". Қостанай облысында жол жөндеу жұмыстары тоқтап тұр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Сергей Миронов/kstnews.kz Фото: Сергей Миронов/kstnews.kz

Қостанай облысында битум тапшылығынан тасжолдардың бірінде асфальт төсеу жұмыстары бір айдан аса уақыт бойы тоқтап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" порталына сілтеме жасап.


Қостанай облысында битум тапшылығынан тасжолдардың бірінде асфальт төсеу жұмыстары бір айдан аса уақыт бойы тоқтап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" порталына сілтеме жасап.

Биылғы жазда облыста Федоровская аталатын тасжолда жөндеу жұмыстары басталған. Алайда соңғы 40 күннен бері бұл жерде асфальт төсеу жұмыстары тоқтап тұр. Мердігерлердің айтуынша, оларда битум жоқ.

"Тамызда тапсырыс беруші "ҚазАвтоЖолға" берген өтінім бойынша, үш мың тонна алуымыз керек. Әзірге 500 тонна жөнелтілген. Бірақ олар әлі жолда. Өткен жылдары бізде саудагерлерден битум сатып алу мүмкіндігі болған, бірақ қазір оларда да жоқ", - дейді "АБЗ+" ЖШС мердігерлік компаниясының басшысы Николай Лобанов.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы көмегімен битум жеткізу тізбегінен делдалдар алып тасталғаны белгілі болды.

"Битумды зауыттар мен мердігерлер арасында делдалсыз сату механизмі әзірленді. Битумның бір тоннасының бағасын сметалық мөлшерлемемен теңестіруге мүмкіндік туды. Бұл - тоннасына 80-120 мың теңге. Битумды өндіру көлемі "ҚазАвтоЖолға" тәуелді емес", - дейді ұлттық компанияның баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.

Дегенмен, биылғы маусымда қостанайлық мердігер Нұр-Сұлтаннан Челябіге Әулиекөл, Федоров және Қарабалық аудандары арқылы өтетін шамамен 90 шақырым жолды аяқтауы керек. Бұл биылғы жалпы көлемнің жартысы екені атап өтілді. Барлығы тоғыз мың тонна битум қажет, ол қазанда емес, қазір қажет, өйткені мердігер жөндеуді 2022 жылы аяқтауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети