13 маусым 2019 15:09

БҚО әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғали Есқалиев. © bko.gov.kz Ғали Есқалиев. © bko.gov.kz

БҚО әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


БҚО әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Президент әкімшілігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев облыс әктивіне жаңа әкімді таныстырды. 

Еске салайық, осыған дейі Батыс Қазақстан облысын басқарған Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды

Ғ. Есқалиев осы қызметке тағайындалғанға дейін БҚО әкімінің бірінші орынбасары болды.

Есқалиев Ғали Нәжмеденұлы 1970 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін "экономика" мамандығы бойынша және Халықаралық бизнес академиясын "менеджмент"мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Әр жылдары "Темірбанк" АҚ Орал филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, бұрын Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімдігінің қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети