06 маусым 2016 15:27

БҚО әкімдігі Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан әскеридің отбасына көмек көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Drive2.ru © Drive2.ru

Батыс Қазақстан облысында Ақтөбеде болған жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мұндай тапсырманы облыс әкімі Алтай Көлгінов берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында Ақтөбеде болған жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мұндай тапсырманы облыс әкімі Алтай Көлгінов берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналыс кезінде құқық қорғау органдарының жетекшілері мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қабылданған қауіпсіздік шаралары жөнінде баяндады.

"БҚО Дін істері басқармасының басшысы және облыстың бас имамы Рамазан айы қарсаңында түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты. Жергілікті полиция қызметі адам көп қатысатын шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды тапсырды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, әкім Ақтөбеде қаза тапқан Берік Қалиевтің туыстарына көңіл айтты. Ол Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданында жерленеді.

"Ол қазақстандықтардың тыныштығы мен бейбітшілігін сақтай отырып, қызметтік парызын абыроймен атқарды. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз. Берік Қалиевтің ерлігі тарихта қалады. Біз оған алғыс айтамыз, ол біздің жадымызда мәңгі сақталады", - деді Алтай Көлгінов.

Жәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Берік Қалиевтің отбасымен кездескенін айтты. Әкімдік әскеридің туыстарына көмек көрсетілетінін хабарлады. Айта кетейік, қаза тапқан әскеридің артында төрт баласы мен әйелі қалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети