05 мамыр 2014 14:15

БҚО әкімінің орынбасары оқушылармен бірге ҰБТ тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mgorod.kz ©Mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен талапкерлермен бірге ҰБТ тапсырды, - деп жазады "Мой город"


Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен талапкерлермен бірге ҰБТ тапсырды, - деп жазады "Мой город"

Жәңгір хат атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өткен сынақ түріндегі тестілеуге журналистер де қатысты. Аудиторияға кірер алдында оқушылар өздерінің ұялы телефондарын тапсырып, металл іздегіш арқылы өтті. Шенеунік те оқушылармен бірге ҰБТ тапсырды. Ол тапсырмаларды 45 минут ішінде орындаған.

"Тест күрделі болды, бірақ егер дайындалған жағдайда оны ойдағыдай тапсыруға болады. Мен есептерді шешкен кезде өзімді 15 жасқа кіші сезіндім, қайтадан институтқа түскелі жатқан сияқты болдым. Әрине, көзді жұмып белгілей салған жауаптарым да болды, әсіресе, тарих пәнінен, өйткені онда нақты даталар мен цифрлар талап етілді", - дейді Мәкен.

Бақтияр Мәкен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған, сонымен бірге, "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети