03 наурыз 2020 12:14

БҚО-да әйелін жұмыстан алып кеткен шенеунік жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысында қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған шенеунік жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған шенеунік жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО Этика кеңесі Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметовке қатысты тәртіптік істі қарады. 

Әлеуметтік желіде шенеуніктің әйелінің қызметтік көлікке отырып жатқан сәтінің видеосы тараған болатын. Бұл видео былтыр ақпан айында түсірілген.

"Бұл Жымпиты ауылы. Аудан әкімінің орынбасары күнде әйелін жұмыстан алып кетеді. Мұны қалай түсінуге болады? Антикоррупция қызметі қайда? Қызметтік көлікті дұрыс емес мақсатта пайдаланып жүр", - делінген видеода.

Шенеунік өз кезегінде бұл әрекетін мойындады. Ол қызметтік көлігімен әйелін жұмыстан алып кетіп жүргенін айтты.

Осылайша этика кеңесі шенеунікке қатаң сөгіс жариялады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев  қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалануға болмайтынын ескертті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети