БҚО-да жыл басынан бері 87 адамды кене шаққан

13 Мамыр, 11:57
0
БҚО-да жыл басынан бері 87 адамды кене шаққан - © Túrkistan
© Túrkistan

2018 жылы облыс бойынша кене шағу бойынша 396 жағдай тіркелген болса, 2019 жылы жыл басынан бері 87 адам осы мәселемен медициналық көмекке жүгінген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

БҚО қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті өкілдерінің айтуынша, облыста жыл сайын шамамен 400-ге жуық адам улы жәндіктің уынан зардап шегеді екен. 

"2017 жылы 313 оқиға тіркелген, 2018 жылы 396 жағдай, ал 2019 жылдың басынан 87 адам көмекке жүгінген. Барлық кене шағу деректері асқынусыз өтті. Кене шағу жағдайлары едәуір мамыр-маусым айларында тіркеледі, бірақ қауіп терең күзге дейін сақталады. Кенелер бұтақтарда немесе шөптерде, жануардың немесе адамның жақындағанда оған жабыса алады, терінің ашық бөлігіне, көбінесе мойынға, бастың түкті бөлігіне, арқаға, қолтық асты, шат аумағына жетуі мүмкін. Кененің сілекейінде ауыртпалықты сезіндірмейтін зат болады, сондықтан да адам оны сезбеуі де мүмкін", - дейді БҚО бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Айта кетейік, жәндіктің шағуы туляремия және конго-қырым геморрагиялық қызбасы сияқты ауруларды жұқтырумен аса қауіпті.

Кене шаққанда не істеуге болмайды - Дәрігер басты қатерді айтты

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай