24 қараша 2017 15:04

БҚО-да кәсіпорындардағы 1000-нан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Батыс Қазақстан облысындағы зауыттарда қызметкерлер жаппай қысқартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысындағы зауыттарда қызметкерлер жаппай қысқартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Оралдағы "Зенит" пен "Жайықмұнай" кәсіпорындарынң директорларымен кездесу барысында 10 мыңнан аса кәсіпорын басшылары арасында сауалнама жүргізілгені және олардың шамамен жартысының қызметкерлерін қысқартуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Зенит" кәсіпорнының директоры жақында зауыттағы 260 қызметкерді қысқартатынын айтты. "Барлығы қорғаныстық тапсырысқа байлаынсты. Желтоқсанға дейін өзгеріс болмаса, 260 адамға дейін қысқартуға тура келеді", - деді Оралдағы "Зенит" зауытының бас директоры Вячеслав Валиев.

Ал "Жайықмұнай" ЖШС-та шамамен мың адам жұмыс істейді екен. Тағы екі мыңдай адам жалдамалы жұмысшы ретінде қызмет етеді. Келесі жылы зауыт құрылысты аяқтаған соң мыңнан аса адамның жұмыссыз қалатыны айтылады.

"Сол кезде құрылысшылар керек болмай қалады. Мұнай саласындағы жағдай онсыз да қиын. Мұнай бағасына байланысты кәсіпорындардың көбі шығынға ұшырап жатыр", - деді "Жайықмұнай" ЖШС бас директоры Жомарт Дәркеев.

БҚО әкімі Алтай Көлгінов қазіргі уақытта "Зенит" зауытын тапсырыспен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети