21 мамыр 2020 15:02

БҚО-да киіктің 434 мүйізін ұрлағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында киіктің 434 мүйізін ұрлаған браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

"2020 жылғы 18 мамырда ІІМ қызметкерлері арнайы шұғыл-іздеу операциясы кезінде БҚО төрт тұрғынын ұстады. Олар киік аулап, оларды мүйізін ұрлағаны үшін ұсталды", - делінген хабарламада.

Киіктің 434 мүйізі, Nissan маркалы автокөлік, ресейлік нөмірмен жүрген Нива Chevrolet көлігі, мотоцикл, 5 дана қару, түрлі калибрдің 293 патроны, радиостанциялар, GPS-навигатор, 7 мобильді телефон, 2 планшет, ара мен пышақтар тәркіленген.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети