07 сәуір 2021 09:05

БҚО-да түнгі уақытта тұрғындар қозғалысы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©pixabay.com Фото: ©pixabay.com

БҚО бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қолданыстағы қаулысына 9 сәуірден бастап күшіне енетін өзгерістер енгізілді. Құжатта тұрғындардың қозғалысын 00.00-ден 06.00-ге дейін шектеу туралы тармақ пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҚО бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қолданыстағы қаулысына 9 сәуірден бастап күшіне енетін өзгерістер енгізілді. Құжатта тұрғындардың қозғалысын 00.00-ден 06.00-ге дейін шектеу туралы тармақ пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыда бұл тыйымның кімге қолданылмайтыны көрсетілген.

"Бұған жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдар, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару қызметтердің қызметкерлері, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмыскерлер жатпайды".

Шұғыл түрде медициналық мекемеге, дәріханаға жеке автокөлікпен баруы қажет тұрғындар, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар "109" телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе сайтта тіркелуі қажет.

Сонымен қатар, қаулыдағы карантин шарасына кейбір жеңілдіктер енгізілген. Сауда үйлері мен орталықтарына сенбіде жұмыс істеуге рұқсат етілді. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 17.00-ге дейін, нысан сыйымдылығының 30 пайызынан аспайтын келушілерді қабылдай алады.

Айта кетейік, БҚО коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта шамамен 20 күн бойы тұр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети