23 сәуір 2023 09:02

БҚО тұрғыны ауласында сабын өндірісімен айналысып отыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабар24 Хабар24

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында жергілікті тұрғын сабын өндірісімен айналысып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында жергілікті тұрғын сабын өндірісімен айналысып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.

Қуаныш Гаднан шағын цех ашқан. Ол өз қаражатын салып, арнайы құрылға сатып алған. Құрылғы сағатына 200 данаға дейін өнім шығарады. Ол шикізатқа шетелге тапсырыс береді.

"Мысалы, екі-үш күнде жарты тонна шикізат жұмсалды. Одан екі мыңнан аса сабын жасалды. Сабынның екі мөлшерін жасаймын, 200 және 250 грамм. Екінші партия кеше ғана жеткізілді. Қазір жалғыз жұмыс істеймін. Бірақ болашақта ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмын", - деді кәсіпкер.

Ауыл тұрғыны өз өнімдерін жергілікті дүкендерге сатады. Тауар қазірдің өзінде сұранысқа ие.

"Сабынның сапасы жаман емес. Оны үнемі аламын. Өндірушіге келетін болсақ, оны жеке білемін. Өз ісіне жауапты әрі мұқият", - деді ауыл тұрғыны Талғат Шайдуллин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети