22 шілде 2020 10:27

БҚО тұрғыны карантин кезінде мерейтойын тойлаған - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Ақсай қаласында карантин кезінде жекеменшік үйлердің бірінде тұрғынның туған күн тойлағаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Ақсай қаласында карантин кезінде жекеменшік үйлердің бірінде тұрғынның туған күн тойлағаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Заң бұзу дерегін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының полиция қызметкерлері анықтаған. Олар келген кезде қонақтар туған күннен кете бастаған. Бірақ тәртіп сақшылары фото және видеоға түсіріп үлгерген. 

"Той ұйымдастырған тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тойға 20-дан аса адам қатысқан. Олардан түсініктеме алынды", - дейді Бөрлі ауданының полиция департаментінің басшысы Дәурен Өтеғұлов.

Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ карантин талабын сақтау бойынша рейд шараларды жүргізілді. Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары рейдте 20-ға жуық заңбұзушылықты тіркейді екен.

Дәурен Өтеғұловтың айтуынша, осы уақытқа дейін карантин талабын бұзудың 60 дерегі тіркелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети