25 мамыр 2020 | 18:41

BMW жүргізушісі полицей емес - Алматы ПД блокбекетте болған жол апаты туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: әлеуметтік желіден Фото: әлеуметтік желіден

Полициядағылар Алматыда блокбекетте көлікте отырған екі полицейді қағып өлтірген BMW-нің 28 жастағы жүргізушісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Полициядағылар Алматыда блокбекетте көлікте отырған екі полицейді қағып өлтірген BMW-нің 28 жастағы жүргізушісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі пайдаланушылары апатқа кінәлі құқық қорғау органдарының қызметкері деп күдіктенеді.

"(...) Полицейлер тек бір нәрсені айтпады - BMW-ны кім айдады. Үндемеді, себебі мас жүргізуші полиция қызметкері болған. Тек ол қазір жұмыс істеп жүрген қызметкер ме, әлде апатқа 40 секунд қалғанға дейін жұмыстан шығарылған қызметкер ме, түсініксіз", - деп жазылған мәтінде.

Алматы Полиция департаментіндегілер ақпаратты тексергенін мәлімдеді.

"Біз бұл ақпаратты - BMW жүргізушісі қызметкер ме деп екі ауданның кадр бөлімінде және деректер базасынан тексердік. Бұлар - Алатау және Алмалы аудандары. Нәтижесінде ақпарат расталмады", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: үшінші полицей жансақтау бөлімінде

Полицейлердің біреуі - 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ол - Батыс Қазақстан облысының тумасы, ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында екі қызы қалды.

Екінші полицей - полиция сержанты Дастан Әбдіқанов 1994 жылы туған. Ауруханада қайтыс болды. Ол - Алматының тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында туғанына бір ай болған қызы қалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer