Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Болашақ" өкілдері АҚШ-та 5 жыл бұрын жоғалған қазақстандық студент жайлы айтып берді

14 Қазан 2016, 20:01
0
Ержан Еліков. © ktk.kz
Ержан Еліков. © ktk.kz

Халықаралық "Болашақ" степендиясының операторы болып саналатын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да АҚШ-та жүріп, ұшты-күйлі жоғалып кеткен Ержан Еліковке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі.

2006 жылы Еліков АҚШ-та "Биотехнология" мамандығы бойынша бакалаврда оқу стипендиясы табысталған. Ол онда алдын ала тіл үйрену курсынан өтуі керек болған. 2007 жылдың сәуірінен тамызға дейін ол Монтана штатындағы Университеттің тіл үйрену мектебінде оқыған. 2007 жылдың тамызынан бастап Пенсильвания штатыныңУниверситетінде академиялық білім алуға кіріскен. 

"Келісім бойынша, стипендиант әр семестрдің соңында 10 күннің ішінде Орталыққа қорытынды бағасы туралы есеп беріп отыруы тиіс болған. Оның үлгерімі 3,5 жыолдың қорытындысы бойынша 44,25 пайызды құраған, ол дегеніміз GPA 4.0-дің ішінде не бәрі 1,77 жинаған. Ал, осы оқу орнында ең төменгі көрсеткіш 50 пайыз болуы тиіс GPA 4.0-дің ішінде 2.0 жинау керек. Пенсильвания штатының Университеті 2011 жылы бізді Еліковтың бакалавр стипендиясына жіберілмегенін хабарлап, оның ерікті түрде тыңдаушы қатарына ауыстырылғанын мәлімдеген, - деді Орталықтағылар.

2011 жылы мамырда Республикалық комиссияның шеімімен ол стипендиант статусынан айырылып, оған жұмсалған қаражаттың (оқуына кеткен қаражат) қайта өндірілетіні ескертілген. 2014 жылы сот оның кепілге қойған пәтерін мемлекетке өткізу үкімін шығарған. Пәтерді сатқаннан кейінгі түскен ақша 4 миллион теңгені құраған. Ал, оған жұмсалған қаражат мөлшері 24 миллион теңге.

"2016 жылы 22 ақпанда Орталықтың мекен-жайына стипендианттың әкесі қарызды қайтару мерзімін ұзартуды сұараған. Бұл жерде ұлының іс-түссіз жоғалып кеткені жазылмаған. Өз кезегінде Орталық, арызды қарап, қарызды қайтару мерзімін бекітіп, оларға заңгерлік департаментпен келісім шарт жасасу керектігі ескертілген", - деді Орталықтағылар.

Айта кетейік, осы бағдарламаның іске қосылуынан бастап үлгерімі төмен болған 392 адам стипендиядан айырылған. Бұл дегеніміз, шетелде білім алуға стипендия ұтып алған 12 мың 40 адамның 3,2 пайызын құрайды. Орталық олардың туыстарына жұмсалған қаражатты бөліп төлеуге мүмкіндік береді. 

Соынмен қатар, 2015 жылғы "Болашақ" бағдарламасының түлегі Жайлаугүл Сағындықованың айтуынша, университет Ержан Еліковты іздеуге бар күшін салған. "Жергілікті және өңірлік полиция іздеу жұмыстарын жасаған. Оның тұрып жатқан жеріне бірнеше рет барған, бірақ ол үй әрдайым жабық тұрған, ал америкалық заң бойынша, арыз болмасған жағдайда үйдің есігін бұзып кіру заңсыз болып саналады. Студент ол жақта болмады. Университет өкілдері қолдарынан келгеннің барлығын жасады", - дейді "Болашақ" түлегі, қазіргі уақытта Шоқан Уалиханов атындағы ҚМУ-нің қауымдастырылған профессоры. 

Түлектің айтуынша, ол Еліковты жеке танымаған. Студент 3,5 жыл оқып, іс-түссіз жоғалып кеткен. Жайлаугүл Сағындықованың ойынша, оның бұл әрекеті "Болашақ" бағдарламасына да, Пенсильвания штатының университетіне де қатысы жоқ, себебі оның айналасындағы студенттер мұндай жағдайға кезікпеген. 

Осыған дейін, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және АҚШ-тағы біздің елдің елшілігі Ержан Еліковке қатысты істің арнайы бақылауға алынғанын мәлімдеген. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай