"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері орталықтың түлегі Гүлмира Жабаеваның өтінішіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері орталықтың түлегі Гүлмира Жабаеваның өтінішіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық өкілдерінің ресми сауалға берген жауабында Гүлмира Жабаеваның өтінішінің қаралғаны айтылады. Орталықтағылардың айтуынша, 2009 жылдың 20 шілдесіндегі келісімшартқа сәйкес, орталық түлекті жұмыспен қамтамасыз етуге міндетті емес.
Сондай-ақ, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері түлектерді жұмысқа тұрғызу жұмыстары жүргізілетінін, бірақ оның тек бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде өткізілетінін айтып өтті.
Орталықтағылардың айтуынша, мамандар осыған дейін Гүлмира Жабаеваға жұмысқа кіруге көмек берген. Орталық өкілдері "Болашақ" бағдарламасы түлегінің түйіндемесін мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарға жіберген.
Сонымен қатар, орталық өкілдері Гүлмира Жабаеваның оқыған мамандығы бойынша оны бес жыл еңбекпен өтеу туралы міндетінің толықтай орындалмағанын айтты. Түлек әлеуметтік желіде жазбаны жариялаған соң Орталықтың қызметкерлері Гүлмира Жабаеваға телефон соғып, оған оқытушы мамандығы бойынша жұмысқа тұру үшін Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетке баруды ұсынды. Алайда Гүлмира Жабаева қазіргі уақытта шетелдік оқу орнына түсуіне байланысты келісімшарттағы міндеттерін кейін орындағысы келетінін айтқан. Сондай-ақ, түлектен оның міндеттерін кейін орындауы туралы және оқуын шетелде жалғастырғысы келетіні жазылғаны, осы мәселені қарастыруды сұрағаны жазылған хат келді.
"Айта кету керек, келісімшартта көрсетілген міндеттерді кейінге қалдыру мәселесі Республикалық комиссияның отырысында талқыланатыны хабарлаймыз", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері.
Сондай-ақ, олар ведомствоның жұмысы жабық түрде жүргізілетіні және қолжетімсіз екені жайлы айыптауларға жауап берді.
"Орталық басшылығына келіп түскен өтініш жайлы айтатынымыз, басшылық азаматтарды жеке қабылдаудан бас тарта алмайды. Жеке мәселелер бойынша тек сәрсенбі және бейсенбі күндері алдын ала жазба бойынша сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін қабылдаймыз. Ал қалған күндері кезекпен қабылдаймыз. Орталық басшылығы азаматтарды кезекпен емес, тек өз таныстарын ғана қабылдайды деген әңгіме негізсіз", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ өкілдері.