1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Болашақта үнді мен корей телехикаялары қазақстандық телеарналардан көрсетілмейді15 шілде 2015, 16:06

© iplay.kaztrk.kz © iplay.kaztrk.kz

Болашақта қазақстандық телеарналар үнді мен корей телехикаяларын көрсету құқығынан айырылады, - деп жазады "Алаш айнасы". Бұл туралы Көкшетауға барған сапарында мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлімдеді.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жақын болашақта үнді және корей сериалдарының орынына отандық өнімдер көрсетіледі.

"Көпшілік үнді және корей сериалдарының көптеп көрсетілетініне шағымданады. Сондықтан отандық телехикаялар мен телебағдарламалардың үлесін арттыруымыз керек. Осыған орай ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Таяуда жаңа жобаларды іске асыруды бастаймыз", - деді Марат Әзілханов.

 

Алматыда митинг өтті