Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Боран және көктайғақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады? 30 қараша 2022, 11:03

Синоптиктер 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 1-3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, кезекті антициклонның ауысуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі, соған байланысты батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Орталықта, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік циклон әсерін сақтайды, сонымен қатар жауын-шашын, негізінен, қар түрінде болады: 1 желтоқсанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 2 желтоқсанда шығыста атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауады. Республикада желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ; шығыста және орталықта - қарлы боран.

"Ауа температурасының төмендеуі: түнде республиканың батысында 2-16-дан 5-18 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 7-27-ден 14-30 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 15-28-ден 22-32 градус аяз, еліміздің орталығында 5-20-дан 13-30 градусқа дейін аяз, республиканың шығысында 15-35-тен 22-37 градусқа дейін аяз, оңтүстікте 3-12-ден 8-17 градусқа дейін аяз, оңтүстік-шығыста 1-22-ден 8-28 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram