07 ақпан 2019 10:02

Босфорда Қазақстан мұнайы бар танкерлер тоқтап тұр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Bloomberg © Bloomberg

41 миллион мұнай баррелі тиелген қазақстандық және ресейлік танкерлер Босфор мен Дарданеллаға өтер жолда тоқтап тұр. Себебі 2018 жылы Түркия билігі бұғаздан өтудің жаңа ережесін қабылдаған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі Tribeca Shipping порт операторына сілтеме жасап хабарлады, - деп жазады REGNUM тілшісі.  

Қазіргі таңда бұғаздан өту үшін 55 танкер, оның ішінде 21 suezmax және 26 аframax санатындағы танкерлер кезекте тұр. 

Былтыр қыркүйекте Анкара басшылығы навигация ережелерін күшейтіп, бұғазда міндетті түрді буксир қолданатын кемелер тізімін кеңейтіп тастады. Осыдан кейін Босфор мен Дарданеллада танкерлер мен астық тасушы кемелер жинала бастады.

Бұрын Қара теңізден Эгейге өту үшін бес-алты күн күту керек болса, енді кемелер 16 күн күтуге мәжбүр. Ал Эгей теңізінен Қараға өту бұрын алты күнді алса, енді 14 күн қажет. 

2019 жылдың басынан бұғаздарда рекордтық кеме саны жинала бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети