23 қыркүйек 2021 09:33

"Босқындарды қабылдауға үзілді-кесілді қарсымын" - Қазақстандағы ауған диаспорасының басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Reuters ©Reuters

Қазақстанға Ауғанстаннан босқындар бұған дейін де келген. Бұл 1990 жылдардың басында Ауғанстан Халықтық Демократиялық партиясының үкіметі құлаған кезде болды. 8000 босқынның 3000-нан астамы біздің елде қалды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Ариана" ауған орталығының төрағасы Васток Ахмадулла айтып берді. Олардың көпшілігіне ол өзі көмектескен.


Қазақстанға Ауғанстаннан босқындар бұған дейін де келген. Бұл 1990 жылдардың басында Ауғанстан Халықтық Демократиялық партиясының үкіметі құлаған кезде болды. 8000 босқынның 3000-нан астамы біздің елде қалды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Ариана" ауған орталығының төрағасы Васток Ахмадулла айтып берді. Олардың көпшілігіне ол өзі көмектескен.

Бұл қайталануы мүмкін бе? Ауған босқындарын қабылдау керек пе? Ал соғыс қимылдары Орталық Азия елдеріне тарай ма? Васток Ахмадулла Tengrinews.kz тілшісі сұрақтарына жауап берді.

TENGRINEWS:

Қазақстан ауғандарға қандай қолдау көрсете алады?

Васток Ахмадулла:

Кезінде Кеңес Одағы Ауғанстанға көмектесіп, гуманитарлық көмек көрсетті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы күнге дейін көмектесіп келеді. Ең бастысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ауған студенттерін оқытуға 50 миллион доллар бөлді. Мыңдаған ауған студент Қазақстан Республикасының орта және жоғары оқу орындарында оқыды. Бірақ қазір айтайын дегенім, ауғандарды аяудың қажеті жоқ, өз халқымызды аяу керек.

Егер Қазақстан көмектескісі келсе, онда сол түрде беруге болады. Босқындарды әкелу және қабылдау қауіпті. Бұл оларға да, халыққа да зиян болады. Өйткені арасында кім бар екенін анықтау қиын. Ешкім радикал ұйым өкілін қайта тәрбиелей алмайды. Сондықтан мен Қазақстанның патриоты және азаматы ретінде, қоғамдық қызметпен айналысатын адам ретінде босқындарды қабылауға үзілді-кесілді қарсымын, бұл Қазақстанға зиян тигізеді. Мен кез келген босқынға қарсымын.

Адам ресми түрде өтініш бергенде немесе бизнесмен бизнес-жоба жүргізуге келгенде немесе қысымға ұшыраған әйелдер келсе, бұл бөлек жағдай. "Талибан" министрлер кабинетінің құрамы жарияланды, Әйелдер іс министрлігі жоқ. Олар әйелді адам санамайды. Тәліптер анасын құрметтемейді. Егер адам анасын сыйламаса, онда оны адам деу қиын. Тәліптерді адам деп айтау қиын.

 Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети