27 наурыз 2018 10:50

Бөтелкесі 3 миллион теңге: Көктөбедегі мейрамханалар алкогольді лицензиясыз сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Көктөбедегі қымбат мейрамханалар алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап.


Көктөбедегі қымбат мейрамханалар алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап.

"Мейрамханалар мен Көктөбе саябағының аумағында орналасқан дәмханаларды тексеру барысында алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатып алу деректері анықталды. Бұл қоғамдық орындарда танымал маркалардың алкоголь өнімдері берілген - ең қымбат алкогольдің бөтелкесі үш миллион теңге тұрған. Іс материалдары әкімшілік айыппұл салу мен алкоголь өнімдерін тәркілеу үшін сотқа жолданды", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатып алған кәсіпкерлерге 25 айлық есептік көрсеткіш (60 125 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети