31 қазан 2017 13:37

Бір айда Қырғызстан тасымалдаушылары Қазақстан Республикасы заңнамасын 360 рет бұзған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kg © 24.kg

ҚР ИДМ Қырғызстан тасымалдаушылары тарапынан жасалған заң бұзушылықтар туралы хабарлады.
Бір айға жуық уақытта Қырғызстан тасымалдаушылары Қазақстан Республикасы заңнамасын 360 рет бұзған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 


ҚР ИДМ Қырғызстан тасымалдаушылары тарапынан жасалған заң бұзушылықтар туралы хабарлады.
Бір айға жуық уақытта Қырғызстан тасымалдаушылары Қазақстан Республикасы заңнамасын 360 рет бұзған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 

Биыл қазан айының 10-ы мен 30-ы аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің өкілдері Қырғыз Республикасы тасымалдаушылары тарапынан жасалған 360 заң бұзушылықты анықтады. Есептік кезеңде Қырғыз Республикасының 3054 автокөлік құралы тексерілді.

Тексерістердің нәтижесінде тасымалдаушыларға жалпы сомасы 11,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ең жиі кездесетін заң бұзушылық тез бүлінетін жүктерді тасымалдау сертификатының болмауы. Мұндай заң бұзушылықтың үлесінде 151 дерек бар немесе 40 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, тауар-көлік жүк құжатының (CMR) болмағаны үшін тасымалдаушыларға 103 рет айыппұл салынды, салмақ және габарит параметрлерін сақтамағаны үшін 69 рет, жолаушыларды тұрақсыз тасымалдауға арналған қазақстандық рұқсат бланкілерінің болмағаны үшін 13 рет, каботажды тасымал жасағаны үшін - 11 рет, жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 6 рет, қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 5 рет және тағы басқа да айыппұлдар салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети