05 маусым 2018 13:48

Біртанов Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың менингококк инфекциясына қатысты айтқан сынымыен келісті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың менингококк инфекциясына қатысты айтқан сынымыен келісті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менингит бойынша жасалып жатқан жұмыстар жөнінде біз келісеміз, халықпен түсіндірме жұмыстарын өткізу жөнінде жұмыстар баяу атқарылып жатыр. (...) Сондықтан біз қазір әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді үйреніп жатырмыз", - деді министр журналистерге.

Оның айтуынша, эпидемияға қарсы шаралар хаттамаларға, халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр және Денсаулық сақтау министрлігі оларды орындауға ниетті.

 "Медициналық көмек көрсету ұйымдары жайлы айтатын болсақ, әрине, бізді сөгуге болады, біз барлығын мойындаймыз. Сол үшін жұмыс істеп, ол кемшіліктерді жоямыз", - деді Біртанов.

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев  елдегі менингитке қатысты жағдайға пікір білдірген болатын. "Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін министрдің менингококк жағдайына байланысты Алматыға келетіні жайлы айтылған еді.

Осыған дейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті. "Жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өкінішке қарай, қайтыс болып жатқандар бар. Осының барлығына түсінік беріп отыруды сұраймын. Қолданылып жатқан шаралар жайлы айтып берулеріңізді сұраймын", - деген еді Сағынтаев денсаулық министрі Елжан Біртановқа.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети