16 маусым 2021 14:53

Біртановтың ісі: Цой адвокат сұратқан құжаттар жоқ екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрынғы басшы Елжан Біртановтың адвокаты сұратқан құжаттарға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрынғы басшы Елжан Біртановтың адвокаты сұратқан құжаттарға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цой ведомствоға айыппұл салынбағанын айтты. Өйткені Денсаулық сақтау министрлігі қарсы шағым берген және сот шешімі заңды күшіне енбеген.

"Ол құжаттар бойынша белгілі бір мәселе бар. Барлық негізгі құжаттар тергеу аясында тәркіленген. Сондықтан құжаттарды бере алмаймыз, өйткені олар бізде жоқ. Құқық қорғау органдары министрлікке сұрау салып қанша келгенімен, біз құжаттар жоқ екенін, сондықтан бере алмайтынымызды айтамыз", - деді денсаулық сақтау министрі ОКҚ брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртановтың адвокаты Серік Сағалиев айыпталушының кінәсіздігі туралы дәлел жинауда кедергілер бар екенін айтып, соттың Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты шешімін оқыған болатын.

Бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзартылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети