25 қараша 2015 12:36

Бітпейтін сын және бірде-бір "рақмет" жоқ - Дариға Назарбаева саясаттағы жұмысы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева. © Тұрар Қазанғапов Дариға Назарбаева. © Тұрар Қазанғапов

Әйелдердің IV Еуразиялық саммитінде премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева нәзік жандылардың бизнестегі, отбасындағы және саясаттағы жұмысының ерекшелігін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әйелдердің IV Еуразиялық саммитінде премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева нәзік жандылардың бизнестегі, отбасындағы және саясаттағы жұмысының ерекшелігін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әйелдің кәсіпкерліктегі тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн жұмыс істейтінін мен айтпай-ақ қояйын. Ақша саласың, кредит аласың, ұйқы жоқ, уайым көп, жұмыс және жұмыс. Әйел отбасында тәулігіне 24 сағат болады, яғни жұмыс істеп те, балаларына қарап та, күйеуіне қарап та үлгереді, туған туыстарының да жағдайын реттеп жатады, солай ма?", - деп сұрады Дариға Назарбаева отырғандардан. 

Оған қошемет көрсетілді. 

"Әйел саясатта да 24 сағат болады, сеніммен айта аламын, себебі кеңседе 12 сағат жұмыс істейді. Қазір ғана біз Гүлшара Наушақызымен бірге (Әбдіхалықова - Авт.) жұмыстағы күндеріміз жайлы: жиналыстан жиналыс, проблемадан проблема, мәселеден мәселе шыға беретін жұмысымызды еске алып отыр едік, үйге келеміз, үйде де жұмысты жалғастыра береміз, ұйқыдан тұрсақ та жұмыс жайлы оймен оянамыз, 24 сағат бойы жұмыс", - деді премьер-министрдің орынбасары. 

Бұдан кейін ол бұл категориялардың айырмашылықтарын атап өтті. 

"Бірінші екеуі - кәсіпкерліктегі әйел мен отбасындағы әйел - игі іс. Бизнесте, мәселен, келер бір жақсылығы бар ғой - кредитті төлеп тастайсың, табыс келеді, отбасының өмір деңгейі, балалардың өмір деңгейі көтеріледі, осыны көре отырып, балаларыңа білім алу жолын жасайсың, жақсы білім бересің. Отбасындағы әйел - күйеуін баптайды, мансап жолында табыстарға жеткізеді, балаларды өсіреді, оларды да адам қылады, тіпті оның туыстарын да, өз туыстарын да жеткізеді, бұл да игі іс, әйтеуір өмірінің соңында рақмет айтатындар табылып қалар, - деп әңгімеледі Назарбаева, - Ал саясаттағы әйел ше? Тәулігіне 24 сағат жұмыс істейсің - бітпейтін сын, ештеңе ұнамайды және әйтеуір бір шырғалаң, соңында "рақмет" те айтылмайды, сондықтан осы салаға келетін кезде 100 рет ойланып алыңыздар".

Ол бұл жұмыстың игі емес екендігі атай отырса да, "бұл жұмыстың өте қажет екенін және оны біреудің әйтеуір жасауы тиіс" екендігін айтты.  

"Саясат пен мемлекеттік қызметтегілер - оты өшпеуі үшін пешке салынатын отын", - деп салыстыру айтты спикер. 

Мұнымен қатар, Дариға Назарбаева Қазақстанда әйелдерге деген қатынас тарихта да, дәстүрде де басқаша болғанын айтып өтті. "Осы мәселеде бізді шығыс өркениетімен салыстыруға болмайды. Біз шын мәнінде де евразиялықтармыз - біз Еуропа мен Азияның ортасындамыз және бұл бізге кедергі емес. Біз шығыс дәстүрінен жақсылықты аламыз, еуропалық мәдениеттен де үздіктерін таңдаймыз. Бұл өте керемет, күшіміз осыда шығар, бәлкім", - деді ол. 

Назарбаеваның айтуынша, халықаралық ұйымдар Қазақстанға қайта-қайта ескерту жасайды. "Сіздерде саясатта әйелдер жеткіліксіз дегенді айтады, Парламентте квота жеткіліксіз. Меніңше, сондай ұйымдардың бары жақсы болған, себебі солар біздің ер адамдарымызды осы мәселе жөнінде ойландырып, осы бағытта қадам жасауына итермелейді", - деп қорытындылады ол өз сөзін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети