15 желтоқсан 2016 20:37

Бүгін Астанада Назарбаевқа кім, қандай мақтау сөз айтты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа атауы бойынша ең лайықты нысан Тәуелсіздік сарайы таңдалды. Шараның басты қонағы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Мінберге шыққан әрбір адам елдің қалыптасу жолындағы Қазақстан Президентінің үлесін айтумен болды. Елбасының өзі мақсатау сөздермен "елжірету қиын" екенін айтып өтті. Алайда ол мақтау сөздерді Президенттің болашақтағы істерге шабыттандыру әрекеті деп қабылдайтынын айтты. Назарбаевқа кімнің қандай мақтау сөз айтқаны жайында Tengrinews.kz материалында. 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа атауы бойынша ең лайықты нысан Тәуелсіздік сарайы таңдалды. Шараның басты қонағы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Мінберге шыққан әрбір адам елдің қалыптасу жолындағы Қазақстан Президентінің үлесін айтумен болды. Елбасының өзі мақсатау сөздермен "елжірету қиын" екенін айтып өтті. Алайда ол мақтау сөздерді Президенттің болашақтағы істерге шабыттандыру әрекеті деп қабылдайтынын айтты. Назарбаевқа кімнің қандай мақтау сөз айтқаны жайында Tengrinews.kz материалында. 

15 желтоқсан астаналықтардың жадында ерекше ауа райымен қалады - қалада әдеттегідей жел тұрмай, тұман пердесі жауып қалды.

Салтанатты шараның қонақтары Сарайға Мемлекет басшысынан бірнеше сағат бұрын келіп алды. Ғимарат алдындағы автотұрақта барлығы бірдей көлігін қоя алмай қалды.

Сарайда көңіл-күйсіз, уайым шегіп жүрген адам жоқ. Таяуда ғана қоластындағы екі прокурорға сазайын беруге уәде еткен бас прокурор Жақып Асанов бүгін парад формасын киіп алған, соған қарағанда шара алдында күрделі жұмысынан сәл де болса дамылдап алғандай.   

Жиналғандардың ішінде погон киген екі министр бір-бірін тауып алыпты - Қалмұханбет Қасымов пен Сәкен Жасұзақов. Соған қарағанда, жарлық бойынша шеруде көңіл-күйді түсіруге болмайды-ау. 

Отандық спорттың жұлдыздары Дмитрий Баландин мен Данияр Елеусінов те бірге жүр. Бұл жастар "Токио-2020" деген құпия атауы бар жоспарды ойластырып жатқанға ұқсайды. Құттықтау сөзді олар бірге айтты. Үлкен жеңістің дәмін татып көрген 21 жастағы Дмитрий Баландин кейінірек Қазақстан Президентін шынайық чемпионға тән қасиеті бар астам адам деп теңеу айтты. "Сіз 25 жыл ішінде марафондағы қашықтықты салтанатты түрде бағындырдыңыз", - деп мәлімдеді Баландин Тәуелсіздік сарайының мінберінде.

Ольга Шишигина жарқын күлкісімен ғана емес, мемлекеттік наградаларымен де жарқырап жүрді. Алтын медаль жеңіп алған, ал қазір Мәжілісте отырған жеңілатлеттің наградалары спорттық марапаттарынан да көп болатынға ұқсайды. 

Әкімдер де көтеріңкі көңіл-күйде жүрді, олар Астанаға арнайы келген. Кейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мерекелік жинадыстан ең ұзақ сөз сөйлеп, Назарбаевтың Қазақстан халқының алдындағы еңбегін тізіп берді. 

"Астана" Халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовтің де көңіл-күйі көтеріңкі.

Салтанатты шарада наградаларын дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев та көрсетті... 

... және Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов та. 

Президенттің залға кіруіне дейін дайындық көп болды. Салтанатты бөлігіндегі ерекше рөл президент оркестрінде болды. 

Президент кіріп келіп, зал ұйып тыңдап қалды. Назарбаев айтарын айтып, тапсырма берді. Мәселен, Мемлекет басшысы зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруді тапсырып, билікті қайта үлестіру мәселесін қарауды міндеттеді. 

"Ешқайсысы еліне қауіп төнбейтіндей етіп, бәрімен келісім жасай алған жоқ. Ешқайсысы елінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман орнатып, татулыққа ұйыта алған жоқ. Ешқайсысы мемлекетін әлемнің алты құрлығына бірдей мойындата алған жоқ. Ешқайсысы барша адамзат баласын ымыраға шақырып, келісім сөзін жүргізе алған жоқ. Ешқайсысы ешқашан мызғымас астанасын сала алған жоқ. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осының бәрін бір өзі жасады", - деді вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

"Мен өзім мақтау сөздерді қазір де естіп жатырмын, осыған дейін де біз маған айтылған мақтау сөздерді естіп келдік. Осындай тәжірибем бола тұра және осындай жасқа келе отырып, әрине, мені мұндай сөздермен елжірету мүмкін емес. Мәселе мынада, егер де саған расында атқарылған жұмыстарың үшін мақтау сөздер айтып жатса, бұл қалыпты жағдай. Бірақ одан асыра мақтаудың қажеті жоқ", - деді жиын қатысушыларына Қазақстан Президенті.

"Қазір менің шын мәнінде шабытым оянып отыр", - деді Назарбаев.

Президент салтанатты шараны Данияр Елеусіновтің сөзімен аяқтады. "Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов айтқандай, "Алға, Қазақстан!", - деді Мемлекет басшысы.

Суреттерді Тұрар Қазанғапов түсірді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети