15 желтоқсан 2016 15:51

Тасмағамбетов: Халық үшін тәуелсіз ел болу - мың бақыт

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Онда ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғамын ерекше тебіреніспен жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрі орынбасарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Онда ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғамын ерекше тебіреніспен жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрі орынбасарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Иә, адам үшін алаңсыз өмір бір бақыт болса, халық үшін тәуелсіз болу - мың бақыт! Ал "бақыт" дегеніміз орындалған ақ арман. Ашығын айту керек. Бұл жолғы бақ - біздің маңдайымызға бұрын-соңды қонбаған бақ. Оған осынау сайын даламыздың көзі, әз аталарымыздың сөзі, ақбас тарихтың өзі куә. Өз алдына ел боламын деген халқымыздың сонау Түркі қағанатынан жалғасқан 15 ғасырлық тамыры, 1500 жылдық ғұмыры куә", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетов VI ғасырдағы Көк түркілер заманынан бері Ұлы Далада ізі қалған қағанаттар мен хандықтарды 128 қаған мен хан билегенін айта келе,  олардың ешқайсысы елінің шекарасын шегелей алмағанын айтты.

"Ешқайсысы еліне қауіп төнбейтіндей етіп, бәрімен келісім жасай алған жоқ. Ешқайсысы елінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман орнатып, татулыққа ұйыта алған жоқ. Ешқайсысы мемлекетін әлемнің алты құрлығына бірдей мойындата алған жоқ. Ешқайсысы барша адамзат баласын ымыраға шақырып, келісім сөзін жүргізе алған жоқ. Ешқайсысы ешқашан мызғымас астанасын сала алған жоқ. Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осының бәрін бір өзі жасады", - деді вице-премьер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, халықты елдің бірлігі мен бейбіт тірлігін сақтауға үндеді.

"Мұндай дәуірлі ой мен дүбірлі істердің түбінде бір ғана бөлек дүние - әрбір қазақ күні-түні қаперінен шығармай, іштей тәубе ететін, Елбасымыз әр сөзінен тастамай, айтып жүретін ұлы құндылық жатыр. Ол - елдің амандығы. Бірлігі мен бүгінгі бейбіт тірлігі. Берекесі мен ырысы", - деп сөзін жалғастырды вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов.

Бұл ретте Иманғали Тасмағамбетов кешегі кеңестік жүйе қирап, бауырлас елдеріміздің басына түскен қиын замандардан мысал келтірді.

"Ферғана мен Ош ұлтаралық қақтығыстарының нәтижесі -1500 өлім, 10 мың мүгедек, 35 мың босқын; Абхаз-грузин соғысы - 9 мың өлім, 10 мың мүгедек, 300 мың босқын; Қарабақ соғысы - 30 мың өлім, 150 мың мүгедек, 1 миллион босқын; Тәжікстандағы азаматтық соғыс - 60 мың өлім, 280 мың мүгедек, 1,5 миллион босқын. Бұл жәй ғана сандар емес. Татулықтың тамырын,ынтымақтың ырысын, бейбітшіліктің қадірін білетін тағдырлар", - деп айтты вице-премьер ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында.

Cондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов елдің амандығы, бейбітшілік туралы айта келе, АҚШ-тың 34-ші Президенті Дуайт Эйзенхауэрдің соғыс туралы айтқан сөзін мысалға келтірді.

"Екі бірдей дүниежүзілік соғысқа қатысқан, АҚШ-тың 34-ші Президенті Дуайт Эйзенхауэр: "Қанша әділетті болса да, ешқандай соғыс баланың бір тамшы ащы жасы мен ананың бір тал ағарған шашына татымайды. Соғысу өнер емес, ал соғыста жеңу ерлік емес. Нағыз ерлік пен даңқ - қарапайым халықтың маңдай тері - еңбегінде. Тарихтың шынайы қошаметіне де сол елді еңбекке баулып, табысқа жетелеген Тұлға ғана лайық!" деген екен", - деді вице-премьер бірлік пен бейбітшілік маңызын баса айта отырып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети