22 қазан 2019 09:37

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылы 22 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылы 22 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігіне кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік, оңтүстік  және оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

Реклама
Реклама

"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, күндіз секундына 15-20 метр, екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метр. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі", - делінген хабарламада. 

Түнде Түркістан облысының кей жерлерінде үсік 1 градус күтіледі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram