18 қаңтар 2023 09:21

Бүгін Екібастұзда бірнеше көпқабатты үй уақытша жылудан ажыратылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 қаңтарда Екібастұзда бірнеше көпқабатты үйге жылу беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


18 қаңтарда Екібастұзда бірнеше көпқабатты үйге жылу беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Екібастұз қаласында жылу берілетін жабдықтау параметрлерін тұрақтандыру және жылу желілерін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты 18 қаңтарда Павлов көшесі, 80 мекенжайынан бастап Безымянный көшесіне дейінгі учаскедегі жылу желісіне қосу үшін 10:00-12:00 аралығында 7 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтау желісінен ажырату жоспарланған.

Сонымен қатар, Қонаев көшесі 138 үй бағытындағы орамішілік жылу желісі учаскесіндегі жерасты төсеміндегі зақымдануды жою үшін сағат 09:00-20:00 аралығында 4 көпқабатты тұрғын үй мен 1 заңды тұлға жылумен жабдықтаудан ажыратылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети