14 шілде 2019 11:59

Бүгін күн ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 14 шілдеде қатты ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанда 14 шілдеде қатты ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде ыстық болады. Қызылорда, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады деп болжанады. 

Республиканың басым бөлігіне антициклон әсер етеді, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттар өтеді, осыған байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ, дауыл тұрады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің күшеюі секундына 15-20 метр, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети