Алматыда ауладағы ескі көліктерді алып тастау үшін қайда хабарласу керек: нұсқаулық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауладағы ескі көліктерді алып тастау үшін қайда хабарласу керек: нұсқаулық Фото:depositphotos.com

Дөңгелексіз, әйнексіз, есіксіз немесе мемлекеттік нөмірі жоқ қараусыз қалған көліктер - Алматы аулаларына тән көрініс. Мұндай машиналар айлап, кейде жылдап тұрақ орындарын алып тұрады, бірте-бірте қоқыс пен тот басу көзіне және тұрғындардың шағымына айналады.


Дөңгелексіз, әйнексіз, есіксіз немесе мемлекеттік нөмірі жоқ қараусыз қалған көліктер - Алматы аулаларына тән көрініс. Мұндай машиналар айлап, кейде жылдап тұрақ орындарын алып тұрады, бірте-бірте қоқыс пен тот басу көзіне және тұрғындардың шағымына айналады.

Бұл ретте, егер аулада тозығы жеткен көлік пайда болса не істеу керектігін, оны эвакуациялауға кім жауапты екенін және қандай жағдайда көлікті аула аумағынан шынымен алып тастауға болатынын бәрі бірдей біле бермейді.

Сонымен, егер аулада қараусыз қалған көлік жылдап тот басып, тұрақ орнын алып тұрса не істеу керек? Tengri Auto осы сауалды Алматы полициясына жолдады.

Ведомство қаланы абаттандыру ережелері бойынша аула аумағында тозығы жеткен (бөлшектелген) көлік құралдарын қалдыруға тыйым салынатынын еске салды.

Бұдан бөлек, автокөліктерді тротуарларға, балалар және спорт алаңдарына, көгалдарға және тұраққа арналмаған басқа да орындарға қоюға жол берілмейді.

Егер бұзушылық расталса, иесіне көлікті алып тастау міндеттелуі және ол жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қараусыз қалған көлік бойынша қайда шағымдануға болады?

Егер аулада тозығы жеткен көлік тұрса, тұрғындар бұл туралы 102 нөмірі бойынша полицияға хабарлауы тиіс.

Өтініштен кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері немесе учаскелік инспектор барады. Олар көлік құралының иесін анықтап, заңбұзушылықтың бар-жоғын тексереді.

Егер заңбұзушылық фактісі расталса, меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген мерзімде көлікті алып тастау туралы ұйғарым беріледі.

"Егер иесін анықтау мүмкін болмаса, мысалы, мемлекеттік нөмірлерінің немесе шанақтың сәйкестендіру деректерінің болмауына байланысты, автокөлік айыппұл тұрағына эвакуациялануы мүмкін", - деп атап өтті Алматы қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Ауладағы ескі-құсқы көлік үшін айыппұл бар ма?

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Жеке тұлғалар үшін жаза ретінде ескерту жасалуы немесе 20 АЕК (86 500 теңге).

Осылайша, тұрғындар ауладағы ескі-құсқы көліктерге төзуге міндетті емес. Егер автокөліктің тозығы жеткені байқалса және ол ұзақ уақыт бойы тұрақ орнын алып тұрса, 102 нөміріне полицияға хабарлау жеткілікті. Әрі қарайғы тексеру мен иесімен жұмыс істеуді полиция қызметкерлері жүргізеді.